Жолда мас жүргізуші қағып кеткен алматылық полицей реанимацияда жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz cайтына сілтеме жасап. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Департамен сонымен қатар қолға түскен жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты. Жүргізушіге бұлтартпау шарасын сот шешетін болады.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда мас жүргізуші полиция қызметкерін қағып кеткені жазылған болатын. Ол ауруханаға екі аяғының сынуы, ішкі мүшелерінің жарылуы және басының жабық жарақатымен түскен еді.