Жол бойынша ақша шашқан жігіттің видеосы kris_p_brothers парақшасында пайда болды. «Мақтаншақтық па әлде абайсыздық па? Көңіл айтамыз. Алматыда жігіт екі миллион теңгені көліктің жолымен шашып кеткен. Қомақты ақшамен мақтанғысы келген, алайда бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырады», – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция жүргізуші өз іс-әрекеттерімен жолда апаттық жағдай туғызды, сонымен қатар көлік жүргізу кезінде тәртіптің сақталуына назар аударған жоқ, демек бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді деп санайды.
Пікірлерде желі қолданушылары жүргізушінің шын мәнінде апаттық жағдай тудырғанын қостады.
«Біздің көлігіміздің алдында бір қыз жалған ақшаны алу үшін еңкейіп тоқтады!» – деп жазды қолданушылардың бірі.
«Видеоның астындағы белгілердің арқасында біз бұл фактіні ескепке алдық және құқық бұзушыны іздеп жатырмыз. Жол бойында мұндай мінез-құлыққа жол берілмейтіндігін еске саламын», – деп атап өтті Алматы ПД бастығының орынбасары.