Алматыда әйел көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен секірмек болды

Ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Эскпресс К.

Бейнежазбадан қыздың үшінші қабаттың терезесінен секірмек болғанын көруге болады. Оның бұл әрекетін қарама-қарсы үйдің тұрғындары видеоға түсіріп алды.

Оқиға кешкі уақытта Alma City тұрғын үй кешенінде болған. Әйел мен ер адам арасындағы жанжалдың соңы адам өлімімен аяқтала жаздады. Ер адам пәтер терезесінен секіріп кетпек болған қыздың қарсылығына қарамастан оны аман алып қалды.

Қызды сабырға шақырмақ болған ер адам оны еденге жығады. Сол уақытта тұрғын үйдің ауласында жедел жәрдем көлігі тұрды.

Екеуара жанжалдың немен аяқталғаны белгісіз.

Comments (0)
Add Comment