Алматыда ет бағасы арзандайды

Қазіргі уақытта қалалық әкімдік әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі  азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша іс- шараларды қолға ала бастады. Оның ішінде сиыр етіне қатысты бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, берілген айналым қарыздары шеңберінде Магнум сауда желісінің сөрелерінде, сондай-ақ «Asyl Meat» ЖШС-на қарасты 6 фирмалық дүкендерінде сиыр етінің бағасы 2050 теңге болып белгіленді.

Сонымен қатар, әлеуметтік дүкендер  үлгісі бойынша қаладағы  «Жұлдыз»   және «Орбита» базарларында  «Ет дүкендері» іске қосылды.  Ол жерде де ет  осы белгіленген 2050 теңгеден сатыла бастады. Бұл орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен (ДС-2396 тг/кг). Бастаманы ұлғайту мақсатында  алдағы уақытта «Түрксіб жәрмеңкесі» және «Арыстан» базарларында  осындай дүкендер ашу жоспарлануда.

Comments (0)
Add Comment