Алматы тұрғыны әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алу үшін бес «КамАЗбен» келді деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін Алматының №4 перзентхана қызметкерлері ерекше көріністің куәсі болды. Ер адам әйелі мен ұлын бес «КамАЗ» автокөлігімен алып кетуге келді. Гүлмира Батырбай 27 наурызда дүниеге ұл алып келді. Оның салмағы 3 келі 900 грамм, бойы 55 см.
«Біздің екі баламыз бар – ұл және қыз. Бұл біздің үшінші баламыз. Ұлымызға Айтөре деген есім бердік. Менің күйеуім КамАЗ автокөлігінің жүргізуші болып жұмыс істейді. Перзентханадан шығарудың осылай болғаны мен үшін нағыз тосынсый болды. Мен жұбайымды осындай салтанатты шерумен келеді деп ойламадым. Мен өте бақыттымын! Мен үшінші баламды №4 перзентханада дүниеге әкелдім. Осындағы барлық медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын», – дейді Гүлмира Батырбай.