Алматыда екі тонаушы ұсталды. Олардан бағалы заттар мен қару-жарақ тәркіленді, – деп хабарлайды “Jambul-Taraz” ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұсталғандар Өзбекстан тумасы болып шықты, олар Алматы облысындағы ауылдардың бірінде тұрады. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Комендатураның баспасөз қызметінің мәліметінше, Райымбек даңғылы бойындағы «Технодом» және RedPark дүкендеріне жасалған шабуыл мен шеруге 26 жастағы Ж. есімді және 22 жастағы К. есімді екі азамат қатысқан. Олар Сәтбаев көшесі бойындағы алаңнан 12-калибрлі патроны бар мылтық пен шу гранатасын да алып кеткен.
Тұтқындау кезінде полиция қызметкерлері күдіктілерден тұрмыстық техника, киім-кешек пен Royal Petrol жанармай құю бекетінен ұрланған сусындарды тәркілеген. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.