Жол апаты Төле би және Абылай хан көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Экспресс К.
Жол-көлік оқиғасы жайлы Facebook қолданушысы хабарлады. Оның айтуынша, апаттың кесірінен жарақат алғандар көп.
Қаланың қақ ортасында сұмдық апат. Автобустар саябақтың аумағына дейін кіріп кетті. Байғұс жолаушылар-ай. Жарақат алғандар көп,— деп жазды оқиға куәгері.
Оқиға куәгерлерінің бірі 15-20 адамды ауруханаға алып кеткенін айтады. Құтқарушылар бір автобустың астынан бір адамның денесін алып шықты. Ол саябақта серуендеп жүрген екен.
Апаттың себебі мен зардап шеккендер туралы нақты ақпаратты Экспресс К Алматы қалалық ПД баспасөд қызметінен күтіп отыр.