Алматыда Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды

Алматыда 2023 жылғы 14 қыркүйек күні Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды.

 

Алдын ала тыңдау ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің №72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында өтіп жатыр.

Сотқа Арман Жұмагелдиев пен Алматы қаласы мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергенді қоса есептегенде, 45 адам тартылған.

Сот отырысының судьясы Асхат Әшірбеков.

Түске дейін сот айыпталушылардың жеке басын анықтады. Процесс  жалғасады.

Comments (0)
Add Comment