Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның суық қарумен көкөніс дүкеніне басып кіргенін көруге болады.
Оның әрекетінен бір адам жараланған.
Алматы қаласының полиция департаменті қылмыстық істі бұзақылық фактісі бойынша тіркеді. Тергеу басқармасымен алғашқы тергеу іс-шараларының деректері негізінде кісі өлтіруге оқталу бойынша қайта даярланғанын хабарлауда:
«Қазір күдікті ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлел тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Кейбір пікір білдірушілер бұл әрекет өткен жылы желтоқсанда Алматыдағы «Sholpan city» тұрғын үй кешенінде болғанын айтады.
bugin.kz