Алматыда қалалық бассейндердің бірінде 11 бала хлор буымен уланды. Олар балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жатқызылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Он бір баланы жедел медициналық жәрдем бригадалары шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізді. Олар тамақтың жыбырлауы, түшкіру сияқты шағымдар айтқан. Балалар бассейнде жаттығу кезінде хлор буымен уланған. Жастары – 12-14 жас аралығын құрайды», – деп нақтылады Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасында.
Ведомствода барлық балалардың жағдайы тұрақты екенін, бейінді бөлімшеге жатқызылғанын айтты.
Алмалы ауданының санитарлық дәрігерлері аталған факті бойынша тергеу жүргізуде. Толығырақ қосымша хабарланатын болады.