Алматының Наурызбай ауданында бір жарым сағатта бірнеше қылмыс жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, күдіктілер алдымен сабақтан қайтып келе жатқан балаларға шабуыл жасаған. Олар кәмелетке толмаған балалардың ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. Ал бір жарым сағаттан кейін 41 жастағы ер адамның ұялы телефоны мен құжаттарын қолды қылған.
«Жедел іздестіру шаралары барысында 24 пен 34 жас аралығындағы күдіктілер ұсталды. Олар кінәсін мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың жеке басы осыған ұқсас басқа да дерекке қатыстылығы тексерілетін болады», – деді Наурызбай аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Меңдебаев.