Алматыда алып емен ағашы құлап, екі көлікті бірдей қиратып тастады

Дәл осындай оқиғалар Алматыда жиі қайталанады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жарты ғасыр болған кәрі ағаштың екі машинаны майып қылғаны туралы бейнежазбаны Экспресс К редакциясына Newscorr қолданушысы жіберді. Оқыс оқиға Мәметова-Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған. Абырой болғанда ары-бері өтіп жатқан адамдар зардап шекпеген. Өкінішке қарай екі автокөлік іске жарамсыз болып қалды. Машиналар тұраққа қойылғандықтан ішінде жүргізушілері болмаған.

 

Жалпы оңтүстік астанада мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. Биыл наурыз айында, көктемгі қар аралас жауын кезінде кәрі ағаштар жаппай құлап елуге жуық автокөлік зардап шеккен болатын.

 

Әкімдіктің ресми мәліметі бойынша Алматыда қазір 3 млнға жуық ағаш бар. Оның 84 628 талы құлауға әзер тұрған кәрі ағаштар екен. Экспресс К бұған дейін Алматыда үш теректі кескен компанияға 150 ағаш көшетін отырғызу міндеттелгенін жазған болатын.

Comments (0)
Add Comment