Алматыда 15 қарашадан бастап 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.
Пәтерлердің ай сайынғы жалдау ақысы коммуналдық қызмет ақысын қоспағанда 5 мың мен 12 мың теңге аралығында болады деп күтілуде.
Өтінімдерді қабылдау www.almaty-jastary.info. сайтында жүргізіледі. Өтінімдер 15 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін тапсырылу керек.
Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
-
Бағдарламаға талаптары:
– 29 жасқа толмаған, мектеп, техникалық және орта білімі бар немесе жоғары оқу орнын тәмамдап жұмыс істеп жүруге тиіс;
– Соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде тұруы керек;
– Жеке басында үйі жоқ болуы міндетті;
– Банкте жинақ шоттың болуы міндетті.
– Соңғы 6 айда үміткерлердің ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары болуы тиіс – 116 680 теңге.
Берілетін пәтерлер Наурызбай ауданындағы «Алма Сити-5» және Алатау ауданындағы «Мәдениет» тұрғынүй кешенінде орналасқан. Жалпы саны – 1 050 бір бөлмелі пәтер. Жалға беру мерзімі – ұзарту құқығынсыз 5 жыл.
Қандай құжаттар тапсыру керек:
1. Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш (өтінімді толтырған соң өзі құрылады);
2. Берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;
3. Білім туралы сканерленген құжаты (диплом, сертификаттар);
4. Неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);
5. Балалардың сканерленген туу туралы куәлігі (бар болса);
6. Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
7. Жұмыс орнынан сканерленген анықтама, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;
8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;
9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары (бюджеттік ұйымда өтілді растау үшін еңбек кітапшаның сканерленген беттерін немесе өтілді растатын анықтаманы жүктеу керек болады);
10. Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;
11. Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).
12. Сонғы 2 жыл аралығында Алматы қаласы аймағында тіркеу орны өзгенген жағдайда, көші-қон органнан 2-жылдық тіркеуді растайтын сканерленген құжат жүктеліну керек (Полицияның көші-қон басқармасы).