Алматыда 5 қабатты тұрғын үй өртенді

Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алмалы ауданының өрт сөндіру бөліміне бүгін сағат 16.42-де Жібек жолы даңғылы, 188 үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрттің жоғарғы қабат пен көрші пәтерлерге жайылу қаупі туындады. Өрт 25 шаршы метрді шарпыған. Пәтерде жиһаз бен ағаш заттар өртенген. Өртті сөндіруге 6 техника, автобаспалдақ, 28 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт толығымен сағат 17.34-те сөндірілді. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Comments (0)
Add Comment