Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан құлаған қыз оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл ақпаратты Ішкі істер министрліг telegram-арнасында растады.
102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Ақпарат расталып, марқұмның жеке басы анықталды,
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.