Алматы студенттер үшін әлемнің 100 үздік қаласы қатарына енді

Британдық консалтингтік компания жүргізген рейтинг нәтижелері бойынша Алматы студенттерге арналған Әлемнің үздік 100 қаласының қатарына енді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында мәлімдеді.

“Studio Британдық консалтингтік компаниясының нұсқасы бойынша Алматы студенттер үшін әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына енді. Өмір сүру мен тұрғын үйді жалға алудың орташа құны, интернеттің жылдамдығы, халықаралық рейтингке кіретін жоғары оқу орындарының саны сияқты өлшемдер бойынша біздің қала 76-шы орынға шықты”, – деп жазды Сағынтаев.

Компания зерттеушілері қалада тұратын 15 пен 24 жас аралығындағы жастардың жалпы санын, азық-түлік сапасын, сондай-ақ, қауіпсіздік пен сөз бостандығы деңгейін ескерді.

Токио, Мельбурн, Сеул, Квебек және Аделаида сияқты қалалар халықаралық рейтингтің көшбасшылары. Бұл ретте Алматы Варшаваны басып озып, Нью-Йорктен кейін орналасты.

Мәскеу бұл рейтингте 84-орында, ал Петербург 98-орынға жайғасқан.

Comments (0)
Add Comment