Алматы қорығында екі таутанын ерткен қар барысы фототұзаққа түсті

Алматы қорығында қар барысы фототұзаққа түскен. Бейнежазбадан жыртқыштың екі таутанын ертіп жүргенін байқайсыз, деп хабарлайды Экспресс К

Қар барысының бейнежазбасы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Іnstagram-дағы парақшасында жарияланды. Видеодан жыртқыштың жанында жүрген екі таутанды да көруге болады. Комитетте олардың жасы 9 айлық деген болжам жасап отыр.

Жойылып кету қаупі төнген жыртқыш аң «Алматы қорығы» аумағында теңіз деңгейінен 1200-4900 метр биіктікте мекен етеді. Соңғы есеп бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақта шамамен 24-26 барыс тіркелген екен.

 

 

Comments (0)
Add Comment