Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік соқтығысты

Алматы облысындағы Алматы-Қорғастасжолында жол апаты болып, 17 көлік бір-біріне соғылды, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігу Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін облыстық полиция департаментіне сауал жолдады.

25 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында Алматы-Қорғас автожолының 134 шақырымында ауа райының қолайсыздығынан, атап айтқанда, қалың тұман салдарынан 17 автокөліктің қатысуымен жол апаты орын алды», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жол апатынан зардап шеккен бес адам Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнында патрульдік полиция жасақтары жұмыс істеп жатыр. Та жолдың 84-тен 136 шақырымға дейінгі аралығы көліктер үшін жабық», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

 

 

Құзырлы ведомство жүргізушілерге ескерту жасады.

Comments (0)
Add Comment