Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, 16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігімен Алматы қаласынан жолсеріктерді алып, Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек автожолымен жүріп келе жатқан 59 жастағы Сарыбастау тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды.
Баланы аурухана жеткізгенімен, алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды.
ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.