Алматы облысында жас спортшыны көлік қағып өлтірді. 2005 жылы туған Анастасия Тодорова туған күні қарсаңында қайтыс болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Үштөбе қаласының маңында, Ортатөбе ауылында болған. Toyota автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінде кетіп бара жатқан 15 жастағы қызды қағып кетті. Көлік апаты қараңғы жерде орын алған.
Анастасия пауэрлифтингпен айналысқан. Сол кеште куәгерлердің айтуынша, ол жаттығудан үйіне қайтып бара жатқан.
Алматы облысының полиция департаменті оқиға 9 қарашада сағат 18.30 шамасында болғанын хабарлады.
«Жаяу жүргіншіні Toyota Mark II автокөлігімен қағып кеткені анықталды. Шетелдік көлікті 27 жастағы ер адам басқарды, ол солтүстік бағытта жүріп, Ортатөбе кентінің маңында жол апатына ұшырады.
15 жастағы қыз жол жиегінде көліктің бағытымен кетіп бара джатты. Апат салдарынан зардап шеккен қыз оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.