Алматы облысында шетелдіктер ауыл тұрғынын өлтірді

Алматы облысында шетелдіктер ауыл тұрғынын өлтірді,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі jasqazaq.kz сайтына сілтеме жасап.

25 қазанда полицияға Қосөзен ауылындағы үйлердің бірінің жанынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркелді. Қаза тапқан Жапек батыр ауылының 45 жастағы тұрғыны болып шықты, – деп нақтылады облыстық ПД баспасөз қызметінен. Төрт күннен кейін полицейлер жұмысқа келген Өзбекстан мен Тәжікстанның екі азаматын ұстады. Ұсталғандар кісі өлтіргенін мойындады. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде сәйкес, жария етуге жатпайды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — деп қорытындылады ПД.

Comments (0)
Add Comment