Полиция департаменті олардың Өзбекстан мен Тәжікстанның азаматы екенін анықтады. Жауап алу кезінде екеуі де қылмысты жасағанын мойындады,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агентігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Қосөзен ауылындағы үйлердің бірінде болған. Күдіктілер полицияға тұрғынмен алғашында сөзге келіп қалғандарын айтқан. Артынша оны ұрып-соққан. Онымен қоймай, қылмыстарын жасырмақ болыпты.
Марқұм көрші Жәпек батыр ауылынан екенін полиция анықтаған. Күдіктілер қазір уақытша қамау изоляторына қамалды.
Алматы облысы ПД Іле аудандық полиция басқармасының тергеушісі Абылай Ахметов: «Жедел іздестіру барысында Өзбекстан мен Тәжікстан азаматы қолға түсті. Олардың көрші елден табыс табу үшін келгендері белгілі болды. Күдіктілерге қатысты қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды», – деді.