Алматы облысында өрт шығып, алты бірдей отбасы далада қалды

Алматы облысында алты бірдей отбасы, өрттің салдарынан далада қалды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Баспанасынан айрылғандар құжаттарын да алып үлгермеген. Ескі үйде жалпы саны 34 адам тұрған.

Қызыл жалын кешкі сағат 6-лар шамасында шыққан. Қою қара түтін бірден жоғарыға көтеріліп, от көршілес пәтерлерді шарпыған. Сөйтіп сегіз пәтерлі үйдің алтауы күлге айналған. Жиһаз, киім-кешек түгел жанған. Кейбірі құжаттарын да алып үлгермеген. Жалын кезінде Айнұр Шоқыбаева үйінде болмаған. Өрт жайлы естігенде абдырап қалдым дейді.

“Қысым қатты болған. Жарылыс болғаннан кейін балалар далаға қашып шыққан. Жаман болса да, жақсы болса да өз үйіміз еді”, – дейді Төңкеріс ауылының тұрғыны Айнұр Шоқыбаева.

Бәрі жанып кетті. Баспана тым ескі. 1952 жылы салынған. Бірақ мұндай 34 адам тұрып келген. Көбі зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар. Үйсіз қалғандардың кейбірі туған-туысты жағаласа, енді бірінің барар жері жоқ. Әкімдік уақытша паналауға берген жер, жайсыз болып тұр дейді.

Алдын ала жасалған болжам бойынша қызыл жалын электр желісінің қысқа тұйықталуынан шыққан. Тұрғындар бұған дейін әкімдікке бағандар мен желілердің ескіргенін айтып талай барғандарын айтты. Бірақ құлақ асар шенеунік табылмады дейді.

“Осындай барак үйлер 4-5 еу бар. Солардың сымдарының барлығы бұрынғы совет үкіметінен келе жатқан сымдар. Соларды ауыстырса мұндай жағдай болмас еді”, – дейді Төңкеріс ауылының тұрғыны Жасұлан Жаманболава.

“Біздің осы Төңкеріс ауылының тоқ беретін трансформаторы ескі, оған қанша жыл болды. Біз арыз шағым жазғанбыз. Бірақ оны қабылдамады. Енді міне өздеріңіз көргендей өрт болды. Сегіз отбасы далада қалды қазір”, – дейді Төңкеріс ауылының тұрғыны Еділ Мұсағұлов.

Округ әкімі болса, ауылдағы бағандар мен сымдардан қауіп жоқ деп отыр. Баспанасынан айрылғандарға жаңадан салып беру мәселесін де ашып айта алмады.

“Үй салу мәселесі өрт сөндірушілердің не себептен өртенген себебін анықтап қорытындысы шыққаннан кейін бір шешімге келеді. Үй салып бере ма жоқ басқа жерден үй алып бере ма қорытындыдан кейін анықталатын болады”, – дейді Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің әкімі Серік Шалов.

Тұрғындар шенділерден көмек боларына күмәнмен қарайды. Сондықтан олар қайырымды жандардан әлеуметтік желі арқаылы көмек сұрауды бастап кетті.

Comments (0)
Add Comment