Алматы облысында ер адам темір конструкцияның астында қалып қойды

Қайғылы оқиға 20 желтоқсанға қараған түні орын алды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Іле ауданындағы Байсерке ауылында темір конструкция көмегімен жүгеріні тиеу кезінде адам жаншылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл жеткен ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы зардап шеккен адамның қаза болғанын анықтады. Құтқарушылар темір кескіш араның көмегімен металл құрылымның түбін кесіп алды. Оны кранның көмегімен көтеріп, астынан майып болған адамның денесі алынды. Марқұм –1982 жылғы ер адам.

 

Comments (0)
Add Comment