Талдықорғанда уақытша тұратын баспанада жас отбасының балаларымен бірге мәйіті табылды

Талдықорғанда уақытша тұратын баспанада жас отбасының балаларымен бірге мәйіті табылды

Марқұмдардың денелерін жергілікті тұрғындар тапқан. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Талдықорғаннан 7 шақырым жердегі Еңбек ауылында болған. Қайтыс болған төрт адам бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

2 ақпан күні полициядан Еңбек ауылынан төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар келіп түсті. Анықталғандай, көз жұмған 4 адамның екеуі бала. Алдын ала болжам бойынша, бұл кісілер 2-3 күн бұрын қайтыс болған,

— деді Алматы облысы ТЖД-нің ресми өкілі Азамат Жұртбаев

Бүтін бір отбасының өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Марқұмдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Comments (0)
Add Comment