Алматы облыстық Полиция департаменті қызметкерлері қаза тапқандардың отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство өкілі қаза тапқан қызметкерлер өз міндеттерін орындау кезінде қаза тапқанын және өздерінің қызметтік борышын абыроймен орындағанын айтты.
«Алматы облысының Полиция департаменті қаңтарда болған оқиға салдарынан қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Олардың арасында біздің екі әріптесіміз – жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Дархан Барғанаев пен әділет прапорщигі Ержанов Ербол бар», – делінген ПД хабарламасында.
Әділет прапорщигі Ербол Ержанов Ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарды. Оның жас қызметкерлерге тәлімгер, адал, әдепті қызметкер ретінде үлгі бола білгені, сондай-ақ, екі баласы бар екені айтылды.
Полиция лейтенанты Дархан Барғанаев ІІО жүйесінде қызметін 2011 жылы бастаған. Осы қызмет мерзімі ішінде ол өзін кәсіби жағынан шыңдап, қауіпсіздікті жақсартуға ұмтылғаны айтылды.
«Олар өмірінің соңғы сәтіне дейін Отан, халық алдындағы антқа адал екендерін абыроймен дәлелдеді. Олар – әрқашан біз үшін Отанға адал қызмет етудің, ерліктің және парызға адал болудың үлгісі», – деді полиция қызметкері.