Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.
14 желтоқсанда Алматы облысы Талғар аудандық соты Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешовке және Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа қатысты үкім шығарды.
Айыпталушылар ЖШС директорынан сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін 2 миллион теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінген.
«Талғар ауданының бұрынғы әкімі Ерекешев сотталып, оған 59,4 миллион теңге айыппұл салынды. Осы үкім бойынша, Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шамаевқа 29,7 миллион теңге айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев ТКШ бөлімінің басшысы мен орынбасарымен бірге ұсталғаны хабарланған болатын. Кейін шенеуніктердің ұсталған сәті түсірілген видео жарияланды.
Естеріңізге сала кетейік, Серікжан Рақышев 2020 жылдың тамызында бұрынғы аудан басшысы Жолан Омаров коронавирустық инфекциядан көз жұмғаннан кейін Талғар ауданының әкімі болған. Ол бұл қызметте осы жылдың қаңтар айына дейін атқарды. Оның ұсталғаны ақпан айында белгілі болды.