Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Көктайғақ болып, жел күшеюі мүмкін, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

11 қаңтарда Алматы облысында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін жететіні хабарланды. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Бұған дейін 30 градусқа дейін аяз болатыны хабарланды. Қазгидромет синоптиктері 10, 11, 12 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты.

Comments (0)
Add Comment