Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекеменің қызметкерлері қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестірді.
«Іздестіру кезінде Ескелді ауданы Жастар ауылындағы аялдама жанындағы тас астынан тығулы оқ-дәрісіз сауытымен бірге Макаров тапаншасы табылды», – делінген хабарламада.
Аталған дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни «Қаруды заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.