Алматы көшесінде қызды соққыға жыққан күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz
Қалалық Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әйелді ұрып-соғу дерегі анықталғанын хабарлады.
«Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлайды. Жәбірленушінің танысы болып келетін күдікті ұсталды. Қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды. Кінәлі адам заңға сәйкес қатаң жазаланатын болады. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.