Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жола апатынан үш адам көз жұмды

Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік қатысқан жантүршігерлік жол апаты орын алды. Апат салдарынан үш адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі  Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Алматы-Бішкек тас жолының 105 шақырымында орын алды. Көк тайғақ салдарынан Mercedes-Benz E-Class автокөлігі мен жолаушылар тасымалдайтын автобус бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл көлік Алматыға бет алған. 

Қатты соққы салдарынан автокөлік жолдың шетіне ұшып кеткен. Ал автобус Mercedes-Benz-тің үстінен басып қалған.

Куәгерлердің сөзінше, автобуста Өзбекстан азаматтары болған. Ал Mercedes-Benz E-Class көлігінде 6 адам отырған.

Апаттан жеңіл көліктің үш жолаушысы қаза тапты. Кейінірек көз жұмғандардың бірі Mercedes-Benz жүргізушісінің әйелі екені анықталды.

Зардап шеккендердің қатарында екі көліктің де жүргізушілері бар. Автобус жүргізушісі алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне қайтарылған. Екі жолаушының жағдайы ауыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалған.

Comments (0)
Add Comment