Қорғаншылық және қамқоршылық органдары Алматы ауруханаларының бірінде 5 ай бойы ата-анасының қарауынсыз жатқан бүлдіршінді әкесіне қайтару туралы шешім шығарды деп жазды turkystan.kz.
«ДНК тесті 37 жастағы Мейірбек Тілепбаевтың 2 жасар Тәңірбергеннің әкесі екенін растады. Сот отырысы өтті. Енді ер адам туу туралы куәлігін рәсімдеген соң баланы әкесіне береміз», – деді қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жанна Тасырова.
Бұған дейін хабарланғандай, 2 жасар бала өткен жылдың қыркүйегінен бастап осы жылдың ақпан айының басына дейін Алматы қласындағы ауруханалардың бірінде болған. Кейін бұл жағдай әлеуметтік желілерде хабарланды және ол қоғамдық резонанс тудырды.