Александр Данилов ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Александр Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», – делінген хабарламада.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болды.

Еңбек жолын қоғамдық саладан бастаған, әр жылдары қоғамдық жастар ұйымдарының басшысы болған.

Сондай-ақ, жеке ұйымдарда да басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылдың шілдесінен бастап Stopfake.kz. жобасының жетекшісі болды.

Comments (0)
Add Comment