Тараз қаласында жұмыспен қамту саласында 2023-2025 жылдар аралығына жоспарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру аясында 20 мыңнан астам жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тараздық тілшілер қауымымен өткізіп жатқан кездесуі барысында мәлімдеді.
Аталған шаралар шеңберінде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның аясында 1 500 азаматқа қайтарымсыз гранттар беріліп, 1 650 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 900 азамат «Жастар практикасына» тартылмақ.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайыздан 4,9 пайызға, оның ішінде жастардың жұмыссыздығы 3,9 пайыздан 3,3 пайызға дейін төмендемек.