Алдағы күндері 37 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет болжамынша, желтоқсан айында ауа температурасы төмендей береді, қар көп түседі, деп хабарлайды Экспресс К.

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жиі құбылады: қар түседі, бұрқасындатады, жел 15-25 м/с дейін күшейеді. Ал еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, тұман, көктайғақ болжанып отыр.

Республиканың батысы мен қиыр солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Содан кейін Салехард аудандарынан арктикалық суық ығысып, температура төмендейді:

еліміздің батысында — түнде -13-23°C дейін, күндіз -5-15°C дейін; солтүстікте және орталықта — түнде -25-33°C дейін, күндіз -12-25°C дейін; шығыста — түнде -25-37°C дейін, күндіз -17-23°C дейін; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста — түнде -10-22°С дейін, күндіз -3-13°С дейін.

Бірінші онкүндіктің соңында Скандинавия аудандарынан келетін циклонның әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, солтүстік-батыс өңірлерде, содан кейін елдің қалған аумағында аяз әлсірейді.

Синоптиктердің болжамынша, айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жиі өзгереді: аязды күндер жылы күндермен алмасады, сонымен бірге қар, бұрқасын және екпінді жел күтіледі. Елдің оңтүстік жартысында көбіне жаңбыр және жылбысқы қар жауады. Сондай-ақ, көктайғақ пен тұман жиі байқалады.

Желтоқсан айында циклондық белсенділіктің әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқыны, ал солтүстік-батыс антициклондардың әсерінен бірнеше суық толқын болжанып отыр. Осылайша желтоқсан айында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалады:

елдің солтүстік жартысында — түнде -25-35°С-тан -5-13°С-қа дейін, күндіз -15-25°С-тан 0 -5°С-қа дейін. оңтүстік жартысында — түнде -17-23°С-тан -5+2°С-қа дейін, күндіз -5-10°С-тан +3+10°С-қа дейін.

Қазгидромет бұл консультативті болжам екенін, синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілетінін және онкүндік, апталық және 1-3 тәулікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланатынын ескертті.

Comments (0)
Add Comment