Албаниядағы қонақ үйде ресейлік туристердің өлі денелері табылды. Олар бассейндегі хлормен уланудан қайтыс болуы мүмкін. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары полициядағы дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді. Олардың дерегінше, тергеудің нақты нұсқасы әзірге осы, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Осы ретте Ресей елшілігі албан журналистерінің жаңалықтарын ойдан шығарылған деп атап, сараптама нәтижесін күтуді сұрады. Алдын ала болжам бойынша туристер тұншығу салдарынан қайтыс болуы ықтимал екенін баса айтқан жөн.
Еске сала кетейік, өткен аптада жергілікті қонақүйлердің бірінен төрт адамның өлі денесі табылған болатын. Қайылы оқиғаға бір сағат қалғанда көшіп келген олар барлығы туысқан болған.