«Алаштың асыл арыстары»

Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Алаштың асыл арыстары» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.

Басқосуға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Ерлан Байболов, облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков, «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісімшарты әскерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша директоры Сабыралы Қыдыралиев және зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, кітапхана қызметкерлері, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.
Ұлт зиялыларының еңбектерін жас ұрпаққа жеткізу, тарихтың жаңа беттерін ашуды мақсат тұтқан шара барысында сөз алған қонақтар тақырып төңірегінде орамды ойларын ортаға салды. Өз кезегінде жиынға қатысушы жастар көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Алина АДИЛОВА

Comments (0)
Add Comment