Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаев жаңа қызметтке тағайындалуы туралы айтып берді. Ол қала әкімі болу үлкен жауапкершілік екенін алға тартты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол алматылықтарға жүгініп, қаланы бірлесе көркейту туралы сөз қозғады.
«Бұл мен үшін ерекше құрмет пен жауапкершілік. Біз сіздермен бірге қаңтардағы қайғылы оқиғалардан аман өтіп, қаламызды одан әрі көркейтуге және бұрынғы қалпына келтіруге күш-жігерімізді саламыз деп сенемін», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Жаңа әкімді қала активіне президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов таныстырды.
Оның айтуынша, басты назар қаланы қалпына келтіруге, шағын және орта бизнесті дамытуға және халықтың кірісін арттыруға аударылуы керек.
«Біздің алдымызда тұрған жаңа міндеттер әкімдік қызметіне жаңа көзқарастарды, тың серпін беруді талап етеді. Сондықтан, Ерболат Асқарбекұлы, президент сізге ірі мегаполисті басқаруды сеніп тапсырды», – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.
2019 жылдың маусым айынан бері қала әкімдігін басқарған Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұжымның бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, ортақ табысқа тоқталып, өзінің орнына келген әкімге сәттілік тіледі.