Қаламы төселген қаламгер

   «Абай» атындағы орталық кітапханада «Қаламы төселген қаламгер» атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлымен кездесу кеші өтті.

Жазушылық жолы ой ұшқындарынан басталған қаламгермен кездесу кешінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, ақын Ғайни Әлімбекқызы, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, «Арай» жастар газетінің фототілшісі Алтынбек Қартабай да төрге озды. Әдеби отырысты «Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» директорының орынбасары Назым Мухамедиярова жүргізді.

Радио, телевидение салаларының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, сан қырлы журналистиканың қазанында қайнаған қарымды қаламгер, ақын Ғайни Әлімбекқызы мен қазақ баспасөзінің майданында шыңдалған білікті маман Оралхан Дәуіт қалам мен қағазына сыр тұндырған кеш кейіпкерінің қызмет жолы туралы айтып өтті.
Кеш барысында оқырмандар тарапынан жазушының өмірі мен шығармашылығына қаысты сан алуан сауалдар қойылды. Жаупа беру барысында жазушы өткен күндерін ой елегінен өкізіп, өзі тіліне тиек еткен әңгімедегі оқуғалары жайлы ой бөлісті. Сонымен қатар шет мемлекеттерге сапар шеккен қызықтары жайлы да көркем баяндап берді. Жазушы Шерхан Мұртаза жайлы да сыр шертілді.

– Бұрын Шерхан Мұртазаға «Күндіз газетте қызмет етесіз, басқа шаруаларыңыз тағы бар, қай уақытта жазасыз?» деп таңданып сұрағанымда, «Түнде, ас үйде жазып, таңертең жұмысқа шығып кетемін» деп жауап беріп еді. Мен де жазбаларымды түнде жазамын. Шерағаң: «Шыңғыс Айтматов туралы көп жаздым. Бірақ бір де бір рет «мына жерің кем, немесе мына сөзің артық» деп пікір білдірген емес» деп айтып жүретін. Мен де Шерағаң туралы жазғандарымды оқи тұрып, пікір білдірген емес – деді әңгіме барысында.
Кеш соңында Көсемәлі Сәттібайұлы кітапхана ұжымына жазушы алғысын білдіріп, алдағы уақытта да оқырманға берері мол екенін танытып, әлі шығармашылық ізденіс үстінде екенін жеткізді.

Comments (0)
Add Comment