Қалалықтар жұмыла қар тазалады

Биылғы қыс тараздықтарға оңай соқпады. Апталап қайтпаған аяз қардың еруін баяулатып, коммуналдық сала мамандарының жұмысын қиындата түсті. Осыған орай Тараз қаласы әкімдігі шаһар көлемінде жалпықалалық сенбілікке шақырған болатын. Тазалық шарасына облыстық, қалалық мекемелер мен кәсіпорындар, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының және кәсіпкерлік нысандарының қызметкерлері белсенді атсалысты.

Игі бастамаға спорт саласының мамандары үн қосып, өздерінің ғимараттарының алдын қардан толықтай тазартты. Айталық, «Тараз-Арена» спорт кешенінің мамандары таңсәріден қолда-рына күрек алып, аулаларын қардан тазалауға кіріскенін көріп дән риза болдық. Жұды-рықша жұмылған ұжымның ұйымшылдығы сөзсіз сүйсін-дірді.
– Жалпықалалық сенбілік болғаннан кейін бастамадан шет қалмай, біз де өз үнімізді қосудамыз. Әріптестеріммен бірге кешеннің айналасын қардан тазартып, ұжымдық бірлігімізді көрсетудеміз. Бір жағынан, бұл – денені де шынықтыратын дүние. Сондықтан барлық қызметкерлер сенбілікке шығуға бірауыздан келісті. Тараз қаласы әкімдігі де өте дұрыс бастаманы көтеріп отыр. Осындай сенбіліктен қала тұрғындарын шет қалмауға шақырамын, – дейді «Тараз-Арена» спорт кешенінің бөлім басшысы Досмағұл Тереков.
Иә, спорт саласы маман-дарының ұжымдық үндестігі өзгелерге де үлгі-өнеге болғаны сөзсіз.
Жалпы саны 43 техника жұмылдырылған шарада «Жасыл Ел-Тараз» мекемесінің көмегімен 1720 куб метр қар қала сыртына шығарылған.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Comments (0)
Add Comment