Аладоп аламанының жеңімпаздары анықталды

Жуырда Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Жамбыл облысы футбол федерациясының бірлесе ұйымдастыруымен аладоптан қалалық ашық қысқы турнир өтті.

Дүбірлі доп додасына 2011, 2012, 2013 және 2014-2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында 4 жас ерекшілігі бойынша 39 команда қатысып, жалпы саны 468 адам қамтылды.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен салтанатты марапатау рәсімінде арнайы Кубоктар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

«JT»-ақпарат

Comments (0)
Add Comment