Қаладағы 505 негізгі көшеде жарық жоқ

Тараз қаласында жалпы саны 1388 көше мен бұрылыс бар. Бүгінгі таңда 293 көше жарықтандырылса, 505 негізгі көшеде жарық жоқ. 2022 жылы облыстық бюджеттен 30 көшеге түнгі жарық шамдарын орналастыруға 180 млн. теңге қарастырылған.

– Бүгінгі таңда 11 көшенің мердігері анықталып, құрылыс жұмыстары енді басталды. Қалған 19 көше бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Ашығын айту керек, бұл жұмыстардың жыл соңына дейін аяқталмай қалу қаупі бар. Осы орайда бір мәселеге тоқталғым келеді.

Тұрғындар көбіне құрылыс жұмыстары неге кеш басталады деген уәж айтады. Бұл орынды ескерту. Оның басты себебі – біздің қызметкерлердің жобалық сметалық құжаттарды кеш дайындауында. Құжаттар жылдың соңында дайын болып, жаңа жылда конкурсқа беру қажет. Ал, бізде керісінше. Жаңа жыл басталғанда құжаттамалар енді дайындалады. Конкурс кезінде қатысушы компаниялардың сот процесіне жүгінуі тағы бар. Сонымен барлық жұмыстардың кеш басталатындығы осыдан. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу үшін жұмыстар жүргізілуде, – деді шаһар басшысы

Жұмаш Жолболды

Comments (0)
Add Comment