ҚАЛАДА СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛҒАН

Тараз қалалық әкімдігінде шаһар басшысы Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымыен аппараттық кеңес өтті. Онда 2021 жылдың қаңтар-шілде айларындағы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржының игерілуі, 8 айдың болжамды көрсеткіштері қаралды. Сондай-ақ жиында спорт мәселесі де талқыланды.

Бүгінде Таразда 630 спорт ғимараты жұмыс істейді. Жыл сайын шағын футбол алаңдары жаңартылып, онда мектеп жасындағы балалар тұрақты спортпен айналысуда. Қазіргі уақытта қалада 7 мыңнан астам баланы қамтитын 31 алаң бар. Сондай-ақ «Таразға тарту» жобасы аясында ықшамаудандар ауласында спорт алаңдары мен кешендер пайдалануға берілген.
Бұдан бөлек биыл шаһарда 4 спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өтуде. Жыл соңына дейін тағы 4 шағын футбол алаңының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ қазіргі таңда үстел теннисі орталығының, бокс және мұз сарайларының құрылысы басталды.
Басқосуда қала әкімі Ержан Жылқыбаев спортқа деген қызығушылықты баланың бойында ерте жастан ояту қажеттігін айтып, жастар арасында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Сондай-ақ Токиода өткен Олимпиада ойындарының жүлгерлерімен кездесу ұйымдастыру және әлеуметтік желілерде спорт нысандарында спортпен шұғылдану кестесін жариялауды жауаптыларға ескертті.

Дедек ТӨЛЕН

Comments (0)
Add Comment