«Жасыл Ел-Тараз» жұмысшылары қоғамдық көлік жүретін негізгі жолдар мен аялдама айналасын бірінші кезекте тазалауда. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілер жолы мен саябақтар да қардан аршылды.
Кеше қала аумағында мекемеге бекітілген көшелерге тайғаққа қарсы 30м3 құм, 10 тонна тұз себілді. Таңғы 09:00-ден бастап қала аумағында тротуарларды, аялдамаларды қардан тазалау және құм аралас тұз себу жұмыстары жүргізілуде. Қар тазалау жұмыстарына 25 техника, 250 жұмысшы жұмылдырылды.