Қалада қар күреу жұмыстары жүруде

Кешелі бері толассыз жауған қар қала ішіндегі қозғалысқа кері әсер етуде.
«Жасыл ел – Тараз» жұмысшылары қала ішіндегі қар тазалығымен ғана емес, жолдардағы көлік қозғалысының, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін де тиісті шараларды атқаруда.
36 арнайы техника қар күреу жұмыстарымен айналысса, 16 техника қала сыртына күрелген ақ ұлпаны шығаруда.
Жалпы қар күреуге шыққан жұмысшылар саны – 167 адам. 23 ақпаннан 24 ақпан түске дейін себілген құм көлемі – 594 м3, тұз көлемі – 142 тонна. Жалпы шығарылған қар 400 куб.
Айта кетейік, «Жасыл ел – Тараз» жұмысшылары тәулік бойы екі ауысыммен жұмыс істеуде.

Comments (0)
Add Comment