Қала тазалығына кәсіпкерлер де жауапты

Қала тазалығы қашанда айрықша маңызға ие. Себебі, таза қала жанға жылу сыйлап, оң көзқарас қалыптастырады. Бұл бағытта облыс орталығында қолға алынған ілкімді істер аз емес.
Айталық, жуырда Тараз қаласы әкімінің Қаулысымен санитарлық тазалықтың 2 айлығы жарияланған болатын. Соған орай тараздықтар жаппай сенбілікке шығып, игі іс атқарды.
Әрине, Тараз – ортақ мекеніміз болғандықтан оның тазалығына баршамыз бірдей жауаптымыз. Әсіресе, кәсіпкерлік нысандардың иелері сол жауапкершілікті сезініп, шаһар тазалығына атсалысуы қажет. Алайда, осыны кейбір кәсіп иелері әлі жете түсінбейтіні жасырын емес. Дегенмен, тазалыққа немқұрайлы қарамайтындар да бар. Солардың бірі – «Дос-Нар» сауда үйінің қызметкерлері нысанның айналасын ретке келтіріп, күл-қоқыстан тазартып, көпке үлгі көрсетті.
Осы орайда біз де басқа да кәсіпкерлік нысандардың иелерін қала тазалығына үлес қосуға шақырамыз!

 

 

Comments (0)
Add Comment