Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті.
Басқосу барысында тараптар қытайлық «Dovel» корпорациясының Тараздағы индустриалды аймақта үйлерге арналған сендвич-панель өндіретін зауыт салуы мәселесін талқылады.
Шаһар басшысы өз кезегінде зауыт құрылысын жүргізуге тиісті қолдау көрсетілетінін баса айтты.
Жалпы «Dovel» корпорациясы – халықаралық жұмыс тәжірибесі бар компания. Корпорация үйлерге арналған сендвич-панельдер, металл конструкциялар, құрылысқа, тұрғын үйлерге арналған қоршау жүйелерін өндірумен айналысады.