Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қала тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдады.
Қала әкімінің қабылдауына келген азаматтар жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көпқабатты үй алдын абаттандыру, газ және кәріз жүйесін орнату, қаңғыбас иттерді аулау, қураған талдарды кесу туралы сауалдар қойды. Сонымен қатар, асарлатып үй салу жобасы бойынша да мәселе көтерді.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың сауалдарын жауапты мамандарға тапсырды.