Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков шаһардың бірқатар азаматтарын жеке сұрақтармен қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар жер кезегі мәселесі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, қураған талдарды кесу, суық су құбырларын ауыстыру, тозығы жеткен көпірді жаңғырту, жұмысқа орналастыру бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар, жол салу және мен жеке кәсіпкерлікке сауда орнын беру бойынша мәселелерді көтерді.

Қала әкімі азаматтардың мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, әрбір тұрғынның өтініш-тілегін жауапты мамандарға тапсырды.

Comments (0)
Add Comment