Бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Шаһар басшысының қабылдауына келген қала тұрғындары жер кезегі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімдеріне жарық жүргізу, су құбырын тарту, салынған тротуардың, арық жүйелерінің сапасын қадағалау, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға қатысты сауалдар қойды. Сонымен қатар, жаңа жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу жөнінде де мәселе көтерді.
Қала әкімі қабылдауға келген тұрғындардың сауалын мұқият тыңдап, зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешімін табатындығын айтты. Сонымен қатар, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.